01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №304

290 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
2015 жылғы 20 наурыз  Астана қаласы Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар  автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың үлгі шартын бекіту туралы «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1- бабының 5- тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың үлгі шарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ.Пішембаев): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі _____________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 9 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі _____________________ Қ.Қасымов 2015 жылғы 2 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №304 бұйрығымен бекітілген Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың үлгі шарты ____________қ. №____ 20___ жылғы «__ »_____ Бұдан әрі «Несие беруші» деп аталатын_______________________________________________________атынан (жергілікті атқарушы органның толық атауы) ________________________________негізінде әрекет ететін__________________________________________ (Ереже және т.б.) (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, _____________________________________________бір тараптан және бұдан (Т.А.Ә.А.) әрі «Несие алушы» деп аталатын __________________атынан________________________негізінде әрекет ететін (заңды тұлғаның толық атауы) ____________________________________________ ___________________________________________________ (Жарғы, Ереже және т.б.) уәкілетті адамның лауазымы, Т.А.Ә.А.) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы мен Несие алушының 20___ жылғы «___ » №___ өтініші негізінде осы жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты. 1. Шарттың мәні мен объектісі 1. Шарт бойынша Несие беруші Несие алушыға облыстық және аудандық маңызы бар_____________________ _______________________________________________________________________________________________ (облыcтық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін көрсету, учаске, км) автомобиль жолын немесе олардың учаскелерін (бұдан әрі – Объект) өтеусіз уақытша пайдалану құқығын береді, ал Несие алушы объектіні өтеусіз уақытша пайдалану құқығын қабылдайды және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың 1 қосымшасына сәйкес _______________________________________________________________________________________________ (қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу - қажеттісін көрсету) жүзеге асырады. Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсініктемені білдіретін болады: «Несие беруші» – Объектіні өтеусіз уақытша пайдалануға беретін жергілікті атқарушы орган; «Несие алушы» – Объектіні қабылдайтын және Объектіні қандай жай-күйде алса, сондай жай-күйде қалыпты тозуын есепке ала отырып немесе Шартта белгіленген жай-күйде қайтаруды қамтамасыз ететін заңды тұлға. 2. Несие алушы Объектіні өтеусіз пайдаланады. Осы Шарттың қолданылу кезеңінде Несие алушы шеккен шығыстарды Несие беруші өтемейді. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 3. Несие беруші: 1) Несие алушымен Шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізуге; 2) Несие алушының кінәсінен Объектінің жай-күйі нашарлаған жағдайда Несие алушыдан шығындарды өтеуді қайтаруды талап етуге; 3) Шартта белгіленген тәртіппен Несие алушыдан мүліктің жай-күйі туралы ақпарат алуға, оның ішінде Объект бойынша қаржы есептілікпен танысуға; 4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 4. Несие алушы: 1) Шартта көзделген талаптарда Объектіні пайдалануға; 2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 5. Несие беруші: 1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары саласындағы заңнамасын және Шарт талаптарын Несие алушының сақтауын бақылауды жүзеге асыруға; 2) осы Шартқа қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Шарттың 2 қосымшасына сәйкес Несие алушыға Объектіні және Объектіге қажетті құжаттаманы қабылдау - тапсыру актісі негізінде беруге міндетті. 6. Несие алушы: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге; 2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға; 3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге; 4) Несие алушы Несие берушінің Шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдары өкілдерінің Объектіге, сондай-ақ Объектіге байланысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді; 5) Несие алушы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың 1 қосымшасына сәйкес Несие берушіге Шарт бойынша өзінің қызметі туралы есепті ұсынады; 6) Несие берушінің жазбаша сұратуы бойынша Несие берушінің сұрауында көрсетілген кезеңдегі Несие алушының Шарт бойынша қызметі туралы есепті Несие алушы жеті жұмыс күні ішінде ұсыну; 7) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, оны мерзімінен бұрын бұзған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен көзделген өзге де жағдайларда Объектіні тиісті техникалық күйде тапсыруға; 8) Объект сапасының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары саласындағы заңнамасына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттардың бекіткен талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге; 9) Несие беруші берген жұмыстарды жүргізу құқығына рұқсаты болған жағдайда әкімшілік полициясы органдарының келісімімен Объектіні қайта жаңарту және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге; 10) Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың 1 қосымшасына сәйкес Объектіде жұмыс жүргізгеннен кейін Объектіні күтіп-ұстау жөнінде жұмыстарды жыл бойы ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті. 3. Тараптардың жауапкершілігі 7. Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен көзделген жауапкершілікте болады. 8. Қолайсыз ауа райы жағдайларының және жол-көлік оқиғаларының себебінен жолдың және олардағы жасанды құрылыстардың конструктивтік элементтері бұзылған жағдайда Несие алушы бұзылуды жою жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауға және қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз етуге тиіс. 9. Егер Несие алушы уақытында қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және ұстау__________________ ________________________________________________________________________________________________ (қажеттісін көрсету) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға уақтылы кіріспесе және Несие берушімен келісілген өндірістік жоспарды бұзса, Несие беруші Несие алушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін айда орындалмаған жұмыстар құнының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұсынады. Осы Шарттың 9-тармағында айқындалатын тұрақсыздық айыбының сомасын Несие алушы тиісті бюджетке аударады. 10. Несие алушы Объектідегі технология талаптарын сақтауды және жұмыстарды сапалы орындауды Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары саласындағы заңнамасына сәйкес қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қамтамасыз етеді. 11. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін қолайсыз ауа-райы құбылыстары туындаған кезде Несие алушы қолайлы ауа-райы қалыптасқанға дейін Объектідегі жұмысты қамтамасыз етеді. 4. Шартты бұзу тәртібі 12. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. 13. Несие беруші мынадай: Объектіні қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау___________________ жөніндегі (қажеттісін көрсету) міндеттемелер орындалмаған; 2) Осы Шарттың 8-тармағында және 6-тармағының 10) тармақшасында көзделген шаралар қабылданбаған жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзады. 14. Несие алушы: 1) Шартты жасау сәтінде білмеген және білуі мүмкін болмаған, қалыпты пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе ауыртпалық түсіретін кемшіліктерді анықтаған жағдайда; 2) Егер Несие беруші Шартта көзделген мерзімде Объектіні бермесе, Шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы. 5. Шартты орындау кепілдігі 15. Несие беруші мыналарды растайды: 1) Шартқа қол қойылған күні және Шартты мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін Объект үшінші тұлғалардың құқықтары және қандай да бір ауыртпалықтардан бос; 2) Несие берушінің не Несие алушының Объектіге қатысты Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға ықпал етуі мүмкін қандай да бір сот немесе төрелік талқылаулары жоқ; 3) Объектіні уәкілетті орган «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тіркеген. 16. Несие алушы Шартқа қол қойған күні: 1) таратылу, қайта ұйымдастырылу, банкроттық сатысында тұрмағанын; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің мүлкіне тыйым салынбағанын, өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатыла тұрмағанын; 3) Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы және материалдық ресурстарының бар екендігін; 4) қарыздарды, кредиттерді ресімдеу, облигацияларды, инвестицияларды тартудың және Объектіні қаржыландырудың өзге түрлерін шығару үшін заңнамада белгіленген тәртіппен барлық қажетті және тіркелген құжаттарының бар екендігін. 5) Объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбайтынын растайды және кепілдік береді. 6. Дауларды қарау тәртібі 17. Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. 18. Дауларды келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. 7. Форс-мажор 19. Егер Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамау немесе тиісті түрде орындамау еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларынан туындаса, онда мұндай орындамау немесе тиісті түрде орындамау үшін Тараптар жауапты болмайды. 20. Еңсерілмейтін күш жағдайларына Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындауына тікелей ықпал ететін әскери қақтығыстар, дүлей апаттары сияқты осы мән-жайлар кезінде төтенше және күтпеген жағдайлар жатады. Келтірілген тізбе түпкілікті болып табылмайды. Мұндай мән-жайларға, атап айтқанда нарықта жұмыстарды орындау үшін қажетті қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды. 21. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда олардан зардап шеккен Тарап ол туралы бес күн ішінде форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күнін және сипатын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру немесе пошта арқылы жолдау жолымен басқа Тарапты хабардар етеді. 22. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздеу үшін шұғыл түрде келіссөздер жүргізеді және мұндай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады. 23. Форс-мажорлық мән-жайларға байланысты Шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұрған жағдайда осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор аяқталған сәттен бастап қайта жаңартылады. 8. Өзге де шарттар 24. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Несие беруші жүзеге асырады. 25. Шарт тең заңды күші бар________ түпнұсқа данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, оның ішінде Несие беруші үшін_______ данада, Несие алушы үшін__________________данада жасалады. 9. Шарттың қолданылуы 26. Шарт___________ жыл мерзімге жасалады және уәкілетті органдар тіркелген сәттен бастап күшіне енеді. Шарт 20____ жылғы «____»__________ қолданылады. 27. Шарт Несие алушы өзінің міндеттемелерін тиісті түрде орындаған жағдайда Тараптардың келісімімен анықталатын қосымша кезеңге жаңа талаптарда мүлікті өтеусіз уақытша пайдалануға жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін. Тараптардың заңды мекенжайы және деректемелері: Несие беруші Несие алушы __________________________ __________________________ (Т.А.Ә.А.) (Т.А.Ә.А.) ___________________________ Жергілікті атқарушы органның заңды тұлғаның _________________________ толық атауы __________________________ толық атауы Орналасқан жері____________ Орналасқан жері____________ __________________________ __________________________ БСН______________________ БСН______________________ ЖСК______________________ ЖСК______________________ БСК______________________ БСК______________________ __________________________ __________________________ (қолы) (қолы) Мөр орны Тіркеу туралы белгі Шартқа 1 қосымша «Келісілді» «Бекітемін» 20___ ж. «___» 20___ ж.«__ » «Несие алушы» «Несие беруші» __________басшының Т.А.Ә.А. ___________басшының Т.А.Ә.А. (қолы) (қолы) Мөр орны Мөр орны ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау және көгалдандыру _______________________________________________ (қажеттісін көрсету) р/с № Жұмыстың атауы Өлшем бірлігі 20___ ж арналған жоспар Саны Сомасы Саны Сомасы Саны Сомасы Орындаған:________________ Т.А.Ә.А. (қолы) Шартқа 2 қосымша Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануды қабылдау-тапсыру актісі __________________________________________________ (учаскені, км көрсету) _________қ 20___ ж. «__ »____ _______________________________________________________________________________________________ (комиссияны тағайындаған жергілікті атқарушы органның толық атауы) 20_ж «_»____ №____ шешімімен (бұйрықпен, қаулымен және т.б.) тағайындалған мынадай құрамдағы комиссия: _______________________________ _____________________________________ ( Т.А.Ә.А.) (лауазымы) Несие алушы жағынан____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) ____________________________ ________________________________________ ( Т.А.Ә.А.) (лауазымы) мынаны белгіледі: 1. Несие беруші___________________________________________________________________________________ (қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу-қажеттісін көрсету) жұмыстарын орындау шартымен Несие алушыға жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолын немесе олардың учаскелерін_____________________пайдалануға береді. (учаскені, км көрсету) 2. Объектіде мыналар орналасқан: _________________________________________________________________ (жасанды құрылыстарды көрсету) Берілді: Мынадай құрамдағы Комиссия мүшелері: ____________________________ _____________________________________ ( Т.А.Ә.А.) (лауазымы) Қабылдады:__________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) (Т.А.Ә.А.) (лауазымы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10998 болып енгізілді.